Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
Құрметті отандастар!
Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет.
Біздің стратегиялық бағытымыз – айқын. Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді жақсы білеміз.
Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты.
Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр.
Сондықтан еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ.
Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған.
Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз.
Біз – халқымыздың тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық арман-тілегіне қол жеткізген ұрпақпыз.
Келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл болады. Бұл мерейлі дата – Егемен еліміз үшін аса маңызды меже. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы.
Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр.
Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз.
Бұл біздің қолымыздан келеді.
Мен бұған кәміл сенемін.
Еліміз әрқашан аман болсын!
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
Скачать файл (551.74 Kb)
Соңғы жаңалықтар

04.03.2021ж күні «Көктемнің алғашқы күні» тақырыбында 5-8сыныптар арасында оқушылардың өз қолынан шыққ ...
05 наурыз 2021
03.03.2021ж күні «Еліне еңбегі сіңген ер Тұтқабай Әшімбаевтың өмірі мен қызметін өсккелең ұрпаққа наси ...
04 наурыз 2021
«№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ 01.03.2021ж күні 1 наурыз Алғыс айту күніне «Алғыс білдіру – ең асы ...
03 наурыз 2021
«№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ 01.03.2021ж күні 1 наурыз Алғыс айту күніне «Алғыс айту парызым» 6-8 ...
02 наурыз 2021
«№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ 01.03.2021ж күні 1 наурыз Алғыс айту күніне «Жүректен жүрекке» ашық ...
02 наурыз 2021Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz