Мемлекеттік рәміздер

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі. 



  • docx  Республикасының Мемлекеттiк Туы  
       Скачать файл    (451.83 Kb)
  • docx  Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы  
       Скачать файл    (35.59 Kb)
  • docx  Республикасының Мемлекеттік Әнұраны  
       Скачать файл    (75.26 Kb)

Соңғы жаңалықтар

20-мамырда қазақ тілінде өтетін " Balapan" телеарнасындағы бейнесабақ кестесі

20-мамырда  қазақ тілінде өтетін " Balapan" телеарнасындағы  бейнесабақ  кестесі  ...

19 мамыр 2020
18-мамырда қазақ тілінде өтетін " Balapan" телеарнасындағы бейнесабақ кестесі

18-мамырда  қазақ тілінде өтетін " Balapan" телеарнасындағы  бейнесабақ  кестесі  ...

17 мамыр 2020
МЕКТЕПКЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

Мектепке құжаттарды қабылдау және оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру автоматтандырылд ...

13 мамыр 2020
13-мамырда қазақ тілінде өтетін " Balapan" телеарнасындағы бейнесабақ кестесі

13-мамырда  қазақ тілінде өтетін " Balapan" телеарнасындағы  бейнесабақ  кестесі  ...

12 мамыр 2020
11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді

Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының ...

12 мамыр 2020